Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде жер сілкінді

319

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан. 

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде жер сілкінді

Қазақстандағы сейсмикалық датчиктер Қытайдан кезекті дүмпулерді тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жер асты дүмпулерін ЖШС "СБЗҰҒО" және сейсмикалық станциялар желісі 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. Магнитудасы - 4,1 MPV", - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу