Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай жер сілкінді

313

Жер дүмпуінің ошағы Қытай аумағында тіркелді.

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай жер сілкінді Фото: freepik

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 31 қазан күні Алматы уақытымен сағат 00:12 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 575 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. Магнитудасы MPV - 4.5. Эпицентр координаттары - 41.14° с.е. 83.28°°ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ" делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу