Алматыдан Павлодарға шыққан пойыз джиптің кесірінен 16 минут тоқтап тұрған

714

Жол талғамайтын көлік рельстер арасында қысылып қалған. 

Алматыдан Павлодарға шыққан пойыз джиптің кесірінен 16 минут тоқтап тұрған Фото: ҚТЖ

Медеу-Жетісу аралығында джип көлігі рельске қысылып қалып, жолаушылар пойызының жолын бөгеген. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"12 наурызда сағат 15:46-да Алматы-2 – Павлодар бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі темір жолға белгіленбеген жерден шығып, рельстер арасында қысылып қалған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің кесірінен шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды.  Өтіп бара жатқан теміржолшылар жедел түрде жол талғамайтын көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарды, содан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Оқиға салдарынан пойыз 16 минутқа кідірді",  деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Аталмыш оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Компания таратқан ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері теміржол өткелдерінде автокөлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 4 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал былтыр теміржол өткелдерінде осындай 26 оқиға болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу