Алматыдан Павлодарға велосипедпен 20 күнде жетті

812

Таяуда ол велосипедпен Меккеге жол жүруді ойластыруда. 

Алматыдан Павлодарға велосипедпен 20 күнде жетті

50 жастағы Асқар Сұлтанғазин Алматыдан Павлодарға велосипедпен жетті. Ол жолда 20 күн жүріп, барлығы 1618 шақырымды еңсерді, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

"Бұл велотурымды еліме, жастарға арнаймын. Жастар да осы ғажап спорт түрімен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанса деймін. Мен өмір бойы спортпен айналысып келемін. Осыған дейін күреспен айналыстым. Спорт адамның денсаулығын нығайтып, тәртіпке үйретеді", - дейді Асқар Сұлтанғазин.

Асқар Сұлтанғазин үшін бұл алғашқы велотур емес. Осыған дейін екі дөңгелекті көлігімен Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап келген. Осылайша, 10 мыңнан астам шақырым қашықтықты еңсерген. Дегенмен ол ұсыныстар түссе де бұл спорт түрінен арнайы жарыстарға қатыспаған.

Спортшы Алматыдан 11 қыркүйекте шығып, сағатына орташа 20-25 километр жылдамдықпен жүріп отырған. Павлодарға дейін барлығы 1618 километрді артта қалдырған.  

Асқар Сұлтанғазин Павлодар облысы Аққулы ауданының Мерғалым ауылында дүниеге келген. Таяуда ол велосипедпен Меккеге жол жүруді ойластыруда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу