Отандық SCAT әуекомпаниясының ұшағы боранға байланысты Астанаға қона алмай, Алматыға кері қайтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Press.kz агенттігінің жазуынша, ұшақ елордаға дейін жеткенімен, ауа райының қолайсыздығынан Алматыға қайта оралуға мәжбүр болған.
"Ұшақ түнгі сағат бірге қайта жоспарланды. Қала қонақтары қонақүйлерге орналастырылады, ал алматылықтар үйлеріне жіберіледі және сәйкесінше хабарламалар алып отырады. Олар қайтып оралды, ешқандай төтенше жағдай болған жоқ", - деді әуе компаниясы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу