Алматыдан Сиань қаласына тікелей әуе рейсі ашылды

514

Әуе сапары аптасына 1 рет жүзеге асырылатын болады.  

Алматыдан Сиань қаласына тікелей әуе рейсі ашылды Фото: proprikol.ru

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті ҚХР Авиациялық билік орындарымен бірлесе екі ел арасына тұрақты әуе рейстерін ұлғайту бойынша келіссіөздер жүргізді, деп жазады inbusiness.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде, 23 желтоқсаннан бастап Алматы – Сиань бағыты бойынша аптасына бір рет әуе кемесі ұшатын болады. Жұма күндері орындалатын әуе сапарын  "China Southern Airlines" компаниясы ұсынады. Бұл бағытта Б-738 әуе кемесі ұшатын болады.

Бұл бағыттың ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуына оң әсер ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу