Алматыдан Уфа қаласына бара жатқан жүк көлігі өртенді

462

Зардап шеккендер жоқ.

Алматыдан Уфа қаласына бара жатқан жүк көлігі өртенді Фото: Тұрғындардан келген фото

Батыс Қазақстанда Шаруашылық тауарлары мен тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі жанып кетті. Оқиға Самара – Шымкент күре жолында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Жүк көлігі Сырым ауданы аумағынан өтіп бара жатқанда жанған. Көлікті Қырғызстан азаматы тізгіндеген.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік Алматыдан Уфа қаласына бара жатқан көрінеді. Қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу