Алматыдан Ұзынағашқа пойыз екі рет қатынайтын болады

1460

Аталған бағыттағы аралық сатнсалар "Боралдай", "Аксеңгір", "Шамалған" және "Жангелді" елдімекендерінде орналасқан. 

Алматыдан Ұзынағашқа пойыз екі рет қатынайтын болады

Алматы қаласының басшылығы қосымша субсидиялау есебінен "Алматы-Ұзынағаш" бағытындағы вагондар саны мен қатынау жиілігін көбейту жөнінде шешім қабылдады.

Егер бұрын ары-бері 6 вагон қатынаса, енді 25 тамыздан бастап бағытқа 9 вагон қызмет көрсетеді.

"Осы теміржол бағытын ғана субсидиялау көлік легін 10 мың автомобильге қысқартуға мүмкіндік береді", – дейді әкімдік.

Жолаушылар ағынының жазда азаюын ескерген шаһар билігі вагондарды көбейтуді күзге қарай  – 25 тамыздан бастауды жөн деп тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу