Алматыдан Вьетнамға жол тартқан ұшақ тосын жайтқа тап болды

10578

Бұған Air Astana ұшағының техникалық ақауы себеп болуы мүмкін.  

Алматыдан Вьетнамға жол тартқан ұшақ тосын жайтқа тап болды Фото: inbusiness.kz

Алматыдан Вьетнамға шыққан ұшақ қала үстінде біраз уақыт қалқып, кейін әуежайға қайтып оралған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әуе компаниясының жауабында 28 наурызда Алматы-Нянчанг бағыты бойынша КС193 түнгі рейсін орындаған Air Astana ұшағы техникалық себеппен Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонғаны айтылады. 

– Рейсті күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар, ал қалауы бойынша қонақүйге орналастыру ұсынылды. Жолаушылар басқа әуе кемесімен сағат 07:15-те жолға шықты. Рейс кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз, – деп хабарлады компания өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу