FlyArystan 3 шілдеден бастап Алматыдан Тамшыға қатынайтын тікелей рейс ашылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Компанияның хабарлауынша, жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері – 31 тамызға дейін орындалады.
Алматы мен Тамшы (Ыстықкөл) арасындағы әуе сапары бар болғаны 55 минутқа созылады. Кері бағытта ұшу ұзақтығы – 1 сағаттай болады.
Бейсенбі күндері:
- Алматыдан ұшу – 15:05, Тамшыға қону – 17:00
- Тамшыдан кері ұшу – 18:00, Алматыға қону – 18:00
Жексенбі күндері:
- Алматыдан ұшу – 13:15, Тамшыға қону – 15:10
- Тамшыдан кері ұшу – 16:10, Алматыға қону – 16:10
"Билет бағасы бір бағытқа 24 мың теңгеден басталады", – деп хабарлады әуе компаниясы.
Ыстықкөл – Қырғызстанда орналасқан климаты жайлы көл. Ыстықкөлге Қазақстаннан бөлек әлемнің түпкір-түпкірінен туристер жиі келеді.
Сондай-ақ, биыл отандық лоукостер FlyArystan Қарағанды – Ыстанбұл, Алматы – Инин (Кұлжа), Астана – Үрімші рейстерін іске қосты.