"Qazaq Air" авиакомпаниясы 21 шілдеден бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Бір бағыт бойынша билеттің бағасы – 20 000 тг.
Бұл бағытқа "SCAT" авиакомпаниясы аптасына 2 рейс орындайтын. Енді "Qazaq Air" авиакомппаниясына қосымша 2 рейс орындауға рұқсат етілді. Барлығы, қазіргі уақытта аталған авиабағыт бойынша аптасына 4 рейс орындалады.
"Qazaq Air" авиакомпаниясының ұшулары сейсенбі және сенбі күндері келесі кесте бойынша орындалады:
Жезқазған (12-00) – Алматы (13-55);
Алматы (14-30) – Жезқазған (16-25).
Барлық рейстер сиымдылығы 76-дан 86 орынға дейін болатын "Bombardier" әуе кемелерімен орындалады.