"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу қызметі кезеңінде Бекмырза Игенбердинов "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Telegram каналдарда Бекмырза Игенбердиновті "Алматы антикор" мекемесінің қызметкерлері ұстады деген ақпарат тараған болатын.
Осы жылдың маусым айында Бекмырза Игенбердинов City Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу