"АлматыЭлектроТранс" компаниясының бұрынғы басшысы 5 бес жылға сотталды

454

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық іс бойынша тиісті шешім шығарды.

"АлматыЭлектроТранс" компаниясының бұрынғы басшысы 5 бес жылға сотталды Фото: Bekmyrza Igenberdinov/ facebook.com

"АлматыЭлектроТранс" компаниясының бұрынғы директоры Бекмырза Игенбердинов 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Бекмырза Игенбердинов кінәлі деп танылсын және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - делінген сот үкімінде.

Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Белгілі болғандай, сотталушы өз кінәсін толық мойындады. 

Айта кету керек, Бекмырза Игенбердинов кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ақша аударғаны үшін 160 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу