"АлматыЭнергоСбыт" компаниясының қызметкері Алматы облысындағы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған

579

"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженері сотпен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.  

"АлматыЭнергоСбыт" компаниясының қызметкері Алматы облысындағы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған Фото: google.com

Алматы облысында Энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері төрт жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2019 жылдан 2022 жылға дейін, өкілеттігі болмаса да, Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылдарының тұрғындарына жалған түбіртектер беру арқылы, энергия тұтынғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. 

Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін  ол деректер базасына әріптестерінің  логиндері мен парольдерін пайдалана отырып, жалған мәліметтер енгізген. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті аталған ауылдардың150-ден астам тұрғындарын электр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге сондай-ақ 16  млн теңгеге жуық сомадағы залалды өтеуге шара қолданды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу