Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметіне сәйкес, мегаполиске қараша айының соңында газбен жүретін 150 автобус жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Сатып алынатын 12 метрлік "Голден драгон" маркалы газбен жүретін автобустардың сыйымдылығы үлкен, төмен еденді және арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған. Заманауи стандарттарға толық жауап береді, кондиционерлермен әрі видеобақылау камераларымен жабдықталған. Сыйымдылығы – 150 адам, отыратын 30 орын бар", – деп хабарлады басқармадан.
Қазіргі кезде қалада 1 932 автобус бар. Шаһарға мыңға жуық автобус жетпейді. Сонымен қатар қоғамдық көлікті тізгіндейтін адам тапшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу