Алматыға 29,8 мың тоннадан астам астық жеткізіледі

994

Шикізат нан-тоқаш комбинаттарына әлеуметтік нанның бағасын көтермеуге мүмкіндік береді.

Алматыға 29,8 мың тоннадан астам астық жеткізіледі

Алматы қаласының әкімдігі "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК-мен 1 сұрыпты бидай ұнынан пісірілетін қалыпты нанның бағасын тұрақтандыру жөніндегі Меморандумға қол қойды, деп жазды inbusiness.kz.

Басты мақсат – Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне жол бермеу. 

Қалалық әкімдіктің мәліметіне сәйкес, меморандум аясында Азық-түлік корпорациясы 1 сұрыпты ұн шығару үшін Алматының ұн тартатын диірмені бар ұйымдарына азық- түлік бидайының бір тоннасын 90 мың теңгеге жеткізеді. Бұл бекітілген баға саналады. 

"Азық-түлік корпорациясының барлық қорынан 2022 жылдың наурыз айынан бастап, тамыз айын қоса алғандағы кезеңде Алматыға шамамен 2,7 млрд теңге жалпы сомасына 29,8 мың тоннадан астам астық жеткізу жоспарланып отыр. Келісім әрі қарай ұзарту мүмкіндігімен 2022 жылғы тамыз айына (қоса алғанда) дейінгі мерзімде қолданылады. Мегаполистің астыққа деген айлық тұтыну қажеттілігі 4 261,1 тоннаны құрайды", – делінген әкімдік хабарламасында.

Шикізатпен қамтамасыз ету қаланың негізгі нан-тоқаш комбинаттарына әлеуметтік нанның бағасын бұрынғы деңгейде сақтап қалуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу