Алматыға әлі 260 құтқарушы керек

1188

Әйелдер де ТЖД-ге қызметке орналаса алады. 

Алматыға әлі 260 құтқарушы керек

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының штаты биыл ұлғайтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте ТЖД кадр саясаты басқармасының басшысы Сәуле Шакалова мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

Спикердің айтуынша, штат ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ұлғайтылған. Алматыда қатардағы және кіші құрамның, атап айтқанда өрт сөндірушілердің, жүргізушілер мен телефонистердің қосымша 262 бос орны бар. 

Сәуле Шакалова ынта білдіргендер азаматтық қорғау жүйесіне қызметке қалай орналаса алатынын айтып берді. Қызметке орта білімі бар, жасы 35-тен аспаған барлық кәмелетке толған қазақстандықтар тұра алады. Жұмысқа орналасу үшін кандидаттың кәсіпкерлік қызметпен айналыспауы және қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы маңызды. 

"Барлық кандидаттар денсаулық жағдайы, жеке және іскерлік қасиеттері, заңнаманы білуі, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтардан өтеді", – деді ТЖД кадр саясаты басқармасының басшысы. 

Өрт сөндіру қызметінің болашақ сарбаздарын алғаш оқыту Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының оқу орталығы базасында өтеді. Өрт сөндірушілер күнтізбе бойынша 35 күн, жүргізушілер 14 күн, қалған үміткерлер апта бойына оқиды. Дайындық кезеңінде тыңдаушылар бюджет қаражаты есебінен тамақпен және тұратын орынмен қамтамасыз етіледі, тағылымдама кезеңіндегі жалақы шамамен 100 000 теңгені құрайды. 

Спикер әйелдердің де ТЖД-не, мысалы, радиотелефонист болып орналаса алатынын жеткізді. Сонымен қатар ол елімізде офицерлер дайындайтын жоғары оқу орны – Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясы бар екенін еске салды. Курсанттарды оқыту республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. 

"Курсанттар тегін киім-кешекпен,тамақпен, стипендиямен қамтамасыз етіледі. Академияны тәмамадаған соң оларға "азаматтық қорғаныс лейтенанты" атағы беріліп, міндетті түрде жұмысқа орналастырылады. Кандидаттарды іріктеу жыл сайын ТЖД қаңтар мен мамыр айында жүргізіледі", – деп хабарлады Сәуле Шакалова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу