Алматыға алынған автобустар біртіндеп бұзылып жатыр

789

Автопарктегілер енді жұрттан аяз басылғанша, басқа автобустармен немесе таксимен қатынай тұруын сұрап отыр.

Алматыға алынған автобустар біртіндеп бұзылып жатыр

Алматының аязына автобустар шыдас бермей, шетінен бұзылып жатыр. Күннің күрт суытуы сол екен, ондаған қоғамдық көлік істен шығып қалды, деп хабарлайды КТК.

 Ал қыс басталмай жатып, ақау шығып жатқан - Қытайдың автобустары. Белгілі болғандай, о баста "экологиялық таза" деп қыруар қаржыға сатып алынған көліктер біздің елдің емес, Еуропаның жұмсақ ауа-райына арналған болып шықты.         

"Ең бірінші Алматы көп 600 автобус алып алған. Қытай ол автобустарды Еуропа мен Америкаға арнап шығарады. Оларда климат басқа. Бізде  күрт континенталды. Оларда температура ақырын түседі. Ал бізде күрт екі аптаның ішінде, тіпті бір күнде "+" боп, түнде минус болады. Сөйтіп, конденсат қатып қалады. Система үлгермейді шығаруға", - дейді "Green Bus Company" ЖШС директоры Бауыржан Құлышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу