Алматыға "Бақ қала" мәртебесі қайтарылады

531

2025 жылға қарай Алматыдағы саябақтың саны 180 га көбейеді.  

Алматыға "Бақ қала" мәртебесі қайтарылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров хабарлады. 

"Қазіргі уақытта 2024 жылы құрылысы аяқталатын 6 жаңа және қолданыстағы 4 саябақтың құрылысы қолға алынды. Бұған қоса, 2025 жылы пайдалануға берілетін 12 жаңа және қолдағы саябақтардың жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр", - деді Әлішер Әбдіқадыров. 

Жобаны әзірлеу кезінде автоматты жүйенің көмегімен және қажет болған жағдайда ұңғымаларды бұрғылау арқылы жасыл желектерді суаруды ескеріледі. Қазіргі таңда Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы мердігер ұйыммен бірлесіп 29 ұңғыманы бұрғылады, 5 су жинағыш салынды. 500 мыңнан астам ағашты тамшылатып суару жүйесімен қамтылды. 

  • Алматыда жалпы ауданы 977 га болатын 542 саябақ аймағы бар, онда шамамен 4 млн.жасыл желек өседі. 2025 жылы саябақ аймақтарының аумағын 1 157 гектарға дейін, 2030 жылға қарай 1 457 гектарға дейін көбейту жоспарға енген.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу