Соңғы 15 жылда биыл алғаш рет Алматыға келетін шетелдік туристердің саны 45%-ға өскен. Статистика комитетінің дерегі бойынша, биыл бірінші тоқсанның өзінде Алматы қаласына ағылған шетелдік туристердің саны 91 мыңнан асқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы қалалық Туризм басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов мегаполиске келетін шетелдік туристердің саны арта түскенін мәлімдеді. Тіпті Азиада мен Универсиада кезінде де мұндай дәрежеге жетпеген Алматыға келуші шетелдік туристердің саны бүгінде 25 пайызға артып, 271 мың саяхатшыға жеткен. Оның 180 мыңы – ішкі туристер.
Тағы бір айта кетерлігі, бір жылдың ішінде қаладағы қонақүйлер мен хостелдер саны да бұрынғыдан 40 пайызға өскен.