Алматыға бөлінген қаржының қайда кеткенін әрбір тұрғын білетін болады

893

Алматыға бөлінген қаржының қайда кеткенін әрбір тұрғын білетін болады

Бұдан былай Алматыға бөлінген әрбір тиынның қайда жұмсалып жатқандығы туралы ашық көрсетіледі. Ақпарат арнайы мемлекеттік органдардың сайтында толықтай жарияланатын болады, деп хабарлайды almaty.tv.

Бұл бюджеттің талан-таражға салынбай, толықтай игерілуі үшін аса маңызды, дейді мамандар. Оған қоса, бұл бастама қала тұрғындары қаржының мақсатты түрде жұмсалып жатқандығына толықтай көз жеткізуі үшін де маңызды. Осылайша, бұқара мен билік арасында ашықтық деңгейі әзірге 10 балдық жүйеге сай болып отыр.
"Almatykenes.kz" сайында қоғамдық кеңес қаланың толыққанды бюджеті мен әрбір басқарманың есеп - қисаптарын енгіземіз. Ең көп ақпарат Алатау ауданына қатысты, ол шамамаен 36 беттен тұрады. Жыл басынан бері өзгерістер мен толықтыруларды қажет еткен қала бюджетінің өзгертілген 5 нұсқасы ұсынылған", - деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу