Алматыға COVID-19-ға қарсы дәрілер жеткізілді

704

Шілде айының соңына дейін 6,5 миллион қаптамасы жеткізіледі. 

Алматыға COVID-19-ға қарсы дәрілер жеткізілді

Бүгін Алматы әуежайына дәрі-дәрмектері бар кезекті борт келіп қонды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Іңкәр" фармацевтикалық компаниясының тапсырысы бойынша Үндістаннан жалпы салмағы 32 тонна болатын жүк жеткізілді. Компания өкілдерінің айтуынша, әуежайда жалпы саны 242 мың қаптама болатын COVID-19-ға қарсы препарат түсірілген.

Жүк кедендік рәсімдеуден өтіп, қажетті құжаттар толтырылғаннан кейін компанияның қоймасынан дәріхана желілеріне жеткізіледі.

Компания сонымен бірге арнайы тұрақтандыру қорына дәрі-дәрмектерді сатып алу тетігін іске асыра бастағанын айтты.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен фармацевтикалық компанияларға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін пайызсыз несие беруге 5 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Қаражаттар қайтарымды және айналмалы негізде "жұмыс істейді".

Шілде айының басында кейбір дәріханаларда сұраныс жоғары болғандықтан, ыстық түсіретін және басқа препараттардың тапшылығы туындағаны белгілі. Алайда жедел қабылданған шаралардың арқасында жағдай тұрақтанды. Сонымен қатар, қаладағы тұрақтандыру қорынан дәрі-дәрмектерді Алматыдағы COVID-19-ға қарсы стационарларға жеткізу жұмыстары басталды.

Бұрын хабарланғандай, шілде айының соңына дейін Алматыға COVID-19-ға қарсы препараттардың 6,5 миллион қаптамасы жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу