Алматыға ЕАЭО-ға мүше елдердің үкімет басшылары жиналады

761

Алматыға ЕАЭО-ға мүше елдердің үкімет басшылары жиналады

Белорусь премьер-министрі Андрей Кобяковтің Қазақстанға жұмыс сапары 1-2 ақпанға жоспарланған. Ол Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан Белорусь үкіметінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Сонымен қатар , Андрей Кобяков "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" халықаралық форумына да қатысады. Сондай-ақ форум жұмысына ЕАЭО-ға мүше елдердің үкімет басшылары, сарапшылар, Қазақстанның мемлекеттік органдарының басшылары қатысады.

Айта кетсек, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы 2 ақпан күні Алматыда 15:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу