Алматыға қалың қар жауды

561

Бүгін түнгі 02:30-дан бастап Алматыда қар жауа бастады. Синоптиктердің болжамынша, қар түске дейін жалғасады.  

Алматыға қалың қар жауды Фото: gov.kz

Таңғы сағат 08:00-де қардың қалыңдығы таулы аймақтарда 15-18, қалада 10, ал Шымбұлақта 60 см-ге жетті.

Синоптиктердің ескертуімен қар жауа бастағанға дейін қаланың барлық аудандарында құмшашқыш машиналардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Көшелерге көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр, 2274 тонна материал пайдаланылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілер жолын, көлік тұрақтары мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Таңғы 06:00-ден бастап патрульдік полицияның көмегімен қар тазалаушы көліктерден 17 колонна іске кірісті. 32 қар тасымалдаушы көлік пен 70 самосвалдың көмегімен қар шығарылып жатыр.

Түнгі уақытта 516 арнайы техника, оның ішінде 152 құмшашқыш, 204 тазалаушы техника мен 367 жұмысшы тазалау жұмыстарын жүргізді.

Таңнан бері қала көшелерінде 524 арнайы техникамен1240 жұмысшы қызмет етіп жүр.

Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда жұмыстарды жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес 4 қаңтар күні күндіз қалада ауа температурасы-2..-4°С құрайтын болады, қар жауып, 2-7 м/с жылдамдықтағы жел тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу