Алматыға қандай елдерден азық-түлік тасымалданды

1517

Көрші Ресей алматылықтарды сүт өнімдері және бананмен, тіпті кофемен қамтамасыз етіп отыр.

Алматыға қандай елдерден азық-түлік тасымалданды

2019 жылдың алғашқы тоғыз айында шаһарға 4,9 млн долларға сиыр еті импортталған. Оның басым бөлігін Беларусь (3,1 млн доллар) пен Ресей (1,7 млн доллар) тасымалданған, деп хабарлады LS.

Сонымен қатар шетелден 30,6 млн долларға тауық еті әкелінген. Оның үштен бірі АҚШ-тан жеткізілген. Ал сүт пен қаймақтың басты импорттаушысы Беларусь, Ресей мен Литва (21 млн доллар).
Алматылықтарды айранмен қамтамасыз етіп отырған елдер Ресей мен Украина. Олар 16,9 млн долларға аталған өнім түрін импорттаған. Бұдан бөлек мегаполиске ірімшіктің басым бөлігі Ресейден, Беларусь пен Литвадан  тасымалданды. Ал алмалы өлке Алматыға бұл жидек Польшадан (1,2 млн доллар), банан – Ресей (2,2 млн доллар) мен Эквадордан (316,8 мың доллар) импортталады. Көрші Ресей алматылықтарды тіпті кофемен де қамтамасыз етіп отыр. Бұл ретте шай нарығында Үндістан мен Кенияға тең келер импорттаушы жоқ (54,8 млн доллар). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу