Алматыға Катардан бірнеше іскерлік туристер тобы келді

634

Ірі ритейл компания Алматыға 47 қызметкерін жіберген.

Алматыға Катардан бірнеше іскерлік туристер тобы келді

Алматы Катардан келген бірінші ұйымдасқан іскерлік туристер тобын қарсы алды. Саяхат кезінде 5 күн бойы араб туристері қаланың ең танымал көрнекті жерлерін аралайды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаһар әкімдігінің мәліметіне сенсек, Алматыға Таяу Шығыс елдерінен туристер көп келіп жатқан көрінеді. Бірінші тоқсанда қалаға 55 мыңнан астам шетелдік турист келген. Өткен жылғы көрсеткіш биылғыдан 2,5 есеге төмен болған. Олардың бір бөлігі Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы елдерінің инвесторлары мен туристері.

"Алматы қарапайым саяхатшылар мен бизнес туристтер арасында кең танылып келеді. Бүгін біз Катардан келген алғашқы ұйымдасқан іскерлік туристтер тобын қарсы алдық. Қабылданған шаралардың арқасында Алматыға деген туристік дестинация ретіндегі қызығушылық артып отыр. Бұл жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Таяу Шығыстан туристтік ағымды арттыру қаламыз үшін өте маңызды. Өзге елдермен салыстырғанда Таяу Шығыстан келген туристтердің орташа чегі әлдеқайда жоғары", – деді "Алматы қаласының туристтік ақпараттық орталығы" ЖШС директоры Едіге Марғұлан.

Айта кетсек, 2021 жылдың соңында Алматы – Доха жаңа рейсі іске қосылды. Қазір осы бағыттағы рейстер саны аптасына төртке дейін көбейді. Qatar Airways жыл басынан бері 100 астам рейс жасады. Рейстер А-320 типті әуе кемесімен орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу