Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақпаратқа сәйкес, осы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға Қытайдан 40 мыңнан астам турист келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 68%-ға артық.
Жыл басынан бері оңтүстік мегаполиске миллионнан аса турист келген, оның 300 мыңнан астамы шетел азаматтары.
2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу