Алматыға келетін туристер саны 40% азайды

818

Алматыға келетін туристер саны азайды, деп хабарлайды Atameken Business.   

Алматыға келетін туристер саны 40% азайды

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков онлайн брифинг барысында мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта талдау жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, шетелдік туристер саны 63,5%-ға, ал ішкі туризм шамамен 27%-ға төмендеген. Жалпы алғанда орта есеппен шаһарға ат басын бұратын келушілер 40% пайызға азайған. Ал, таулы жерлерге керісінше баратындар саны артқан. Экотурзиммен негізінен жаяужүргіншілер айналысатындар болғандықтан, нақты санын айта алмаймыз деді, Туризм басқармасы басшысының орынбасары. Сондықтан болар, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында жыл соңына дейін тағы 10 туристік маршрут ашуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу