Алматы қаласы туризм басқармасының ақпаратынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында шаһардағы шетелдік туристер саны 72,6%-ға өсіп, 261,6 мың адамға жетті.
Ішкі туристер ағыны 24,6%-ға артып, 710,6 мың адамға жетті.
"БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өсуі байқалады", – деді басқарма өкілдері.
Биыл жыл соңына дейін Алматыда шетелдік туристер санының 500 мың адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу