Алматыға қонған Air Astana жолаушылары 1,5 сағат бойы бортта қамалып отырған

271

Компанияның айтуынша, рейстердің көптігінен трап келіп болмаған. 

Алматыға қонған Air Astana жолаушылары 1,5 сағат бойы бортта қамалып отырған Фото: inbusiness.kz

Air Astana рейсінің жолаушылары Алматы әуежайына қонғаннан кейін ұшақ бортынан шыға алмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуларынша, бортта жолаушыларды қамап қойған.

"2 маусымда Air Astana әуекомпаниясы Астана-Алматы бағыты бойынша FlyArystan лоукостер әуекомпаниясының KS 7332 рейсін орындады. Ұшақ кешігіп, Алматыға 19:30-да жетті. Ұшақ тұраққа келгеннен кейін экипаж жолаушыларды түсіру үшін трапты күтті. Әуежайға келетін рейстердің көп болғаны үшін трап келіп болмады", – деп хабарлады Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.

Ұшақта кондиционер істемеген, салдарынан бір әйел ауырып қалған. Оған су мен оттегі баллоны беріліпті.

"Бірнеше адам ұшақтың есігін ашпақ болған. Экипаж мүшелері қауіпсіздік ережелері бойынша құлап қалмас үшін трап келгенге дейін есіктерді ашуға болмайтынын түсіндірді. Алайда жолаушылардың бірі ескертулерге қарамастан, қорғаныс қақпағын жұлқылап, есік тұтқасын тартқан", – делінген хабарламада.

20:15-те трап та, полиция қызметкерлері де келген. Зардап шеккен жолаушылар дереу полицияға арыз жазуды шешкен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу