Алматыға қосылған аудандарда инфрақұрылым қалай дамуда?

860

Биыл 91,8 шақырым электр желілері иесіз деп танылып, "Алатау жарық компаниясы" АҚ-ға берілді.

Алматыға қосылған аудандарда инфрақұрылым қалай дамуда?

Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында қалаға қосылған аумақтардың дамуы туралы айтты, деп жазады ibusiness.kz.

"Қарасай, Талғар және Іле аудандары учаскелерінің мегаполиске қосылуына байланысты қала билігі халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде", – деді Алматы әкімінің орынбасары.

Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, 2021 жылы 24 шағын ауданда сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жүргізілді. 10 айда 120 шақырым сумен жабдықтау және 77 шақырым кәріз желісі жүргізілді. Биыл 14 шағын ауданда желілердің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл 23 мыңнан астам үйді қалалық желілерге қосуға мүмкіндік береді.

"Алматы билігі сапалы электрмен жабдықтау мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Мәселен, "Тұздыбастау" қосалқы стансасын салу есебінен Түрксіб ауданының 200 мыңнан астам тұрғыны 2022 жылы тұрақты электрмен жабдықтауға қол жеткізеді. Сондай-ақ Жетісу ауданында жаңа қосалқы станция құрылысын бастау жоспарлануда", – деді Мұхит Әзірбаев.

Спикердің сөзінше иесіз электрмен желілерімен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл 91,8 шақырым электр желілері иесіз деп танылып, "Алатау жарық компаниясы" АҚ-ға берілді. Қазіргі уақытта 83,5 шақырым иесіз желілер Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына бекітіліп, кейіннен "Алатау жарық компаниясы" АҚ-ға балансына өтті.

Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда мегаполис тұрғындарының 99,2%-ының шаңырағына табиға газ тартылған. 

"2022 жылы үйлердің 100%-ы газбен қамтылады", – деген уәде берді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу