Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қала Қытайдан келетін іскерлік сапарлар санын арттыруға, халықаралық кездесулер мен конференцияларды Алматыда ұйымдастыруға басымдық беріп отыр.
3–5 қараша аралығында қала өкілдері Бейжіңде өткен China International MICE Exchange (CIMX Beijing 2026) халықаралық көрмесіне қатысты. Visit Almaty өкілдері қытайлық туроператорлар мен іскерлік іс-шараларды ұйымдастырушыларға қаланың туристік мүмкіндіктерін таныстырды.
Қытай Алматы үшін әлеуеті жоғары туристік нарықтардың бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалаға Қытайдан 136 419 турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 37,6%-ға көп.
Туристер ағынының артуына Алматы мен Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу және Үрімжі арасындағы тікелей әуе рейстері де ықпал етіп отыр.