Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"14 тамыз күні Sinopharm компанисының Vero Сell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді. Осы аптада тағы 35 мың дозасын әкелу жоспарланған. Қазіргі уақытта бұл вакцина барлық егу пунктінде бар", – деп хабарлады басқармада.
Vero Сell Қазақстанда тіркеуден өткен бесінші вакцина. Аталған препараттың алғашқы партиясы 10 тамыз күні жеткізілген. Екпені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу