Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі?

925

Препарат 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға тек ата-ана рұқсатымен салынады. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі?

"Алматыда эпидахуал жақсарып келеді. Індет жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Келесі аптада Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Ол 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға салынады деп жоспарланған. Статистикаға сүйенсек онлайн форматта білім алатын балаларға қарағанда дәстүрлі форматта оқитын оқушылар инфекцияны жиі жұқтырады. Себебі бір-бірімен байланысқа түседі. Сондықтан ата-аналарды осы науқанға қатысуға, балаларын вакцинацияға алып келуге шақырамыз. Pfizer тек ата-ана немесе заңды өкілдің рұқсатымен салынады. Қазірдің өзінде дайындық жұмыстары басталды", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу