Алматыға таксимен ірі көлемде есірткі алып келе жатқан азамат ұсталды

726

Жамбыл облысының тұрғыны мұны жеке өзі пайдалану үшін алып келе жатқанын айтып, ақталған. 

Алматыға таксимен ірі көлемде есірткі алып келе жатқан азамат ұсталды

Алматы қалалық Полиция департаментінің дерегінше есірткі тасушы Жамбыл облысы, Меркі ауданының 1987 жылы туған Б.есімді тұрғыны. 

 "Кешкі сағат сегіздер шамасында, Жандосов көшесінде, шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері "Тойота Камри" көлігін тоқтатты, оның ішінде Меркі ауылынан келген Б.есімді жолаушы болған.  Оның қатысуымен жеке тексеру кезінде процессуалдық тәртіпте ұнтаққа ұқсас заты бар полиэтилен қапшық табылып, тәркіленді.  Кейінірек сот-химиялық сараптама анықтағандай, онда жалпы салмағы 1 келі 088 грамм болатын гашиш болған.  Есірткі сатушы өзін-өзі ақтауға асықты, ол, есірткіні үйден алып келе жатқандығы және тек өзінің жеке қажеттілігі үшін ғана пайдаланатынын айтты.  Шын мәнінде, ол үлкен шаһарға есірткі жеткізудің тұрақты арнасының бірі болып табылады деген нұсқа бар.  Осы бойынша жедел ақпарат мұқият тексерілуде", – деді Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Мәулен Қасымжан.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі Наурызбай аудандық полиция Басқармасы жүргізуде. Ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу