Алматыға трамвайларды қайтару жоспарланып отыр

204

Бұл туралы "Алматыбасжоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов мәлімдеді.  

Алматыға трамвайларды қайтару жоспарланып отыр Фото: yandex.kz

Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Трамвай "Барлықтан" бастап Төле би көшесінің бойымен бұрынғысынша жүреді. Оны әуежайға дейін созамыз, осылайша батыс пен шығысты байланыстырамыз. Біздің мақсатымыз – адамдардың 20 минут ішінде жүріп-тұруына мүмкіндік жасау. Бұл – әлемдік тәжірибе және ақылға қонымды шешім", – деді "Алматыбасжоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов.

Асхат Садуовтың сөзінше, EPC+F (жобалау, құрылыс және қаржыландыру) болса, трамвай алдағы 5 жылда іске қосылады. Құрылыс мерзімі ұзаққа созылса, бағасы соғұрлым қымбат болады. Сондықтан бұл іске инвесторларды тарту көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу