Алматыға Түркістаннан 500 тонна ауылшаруашылығы өнімі жеткізіледі

147

Барлық өнім тікелей фермерлерден жеткізілген.  

Алматыға Түркістаннан 500 тонна ауылшаруашылығы өнімі жеткізіледі

Осы демалыс күндері 27-28 қыркүйекте, сағат 08:00-17:00 аралығында Алматыда Түркістан облысының тауар өндірушілерінің қатысатын кең ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жәрмеңкеде:

  • 50-ден астам өнім түрі;
  • 100 тонна ет;
  • 250 тонна көкөніс пен жеміс-жидек;
  • 30 тонна сүт өнімдері;
  • Шұжық, ұн, жарма, май және басқа да тауарлар бар.

Жәрмеңкеге Түркістан облысының 16 ауданы мен Түркістан қаласының өкілдері қатысады.

Жәрмеңке өтетін орны: Қазыбек би көшесі (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралық)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу