Алматыға Үндістаннан дәрі-дәрмек жеткізілді

809

Алматының тұрақтандыру қоры ковидке қарсы препараттардың тағы бір партиясын алды.

Алматыға Үндістаннан дәрі-дәрмек жеткізілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша COVID-19-ды емдеуге қажет препараттардың тұрақтылық қорын құру үшін бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінгені белгілі. Қала әкімдігінің хабарлауынша, фармецевтік компанияларды қаржыландыруда, яғни дәрі-дәрмектер сатып алу үшін оларға пайызсыз несиелер берілуде.

"Бүгін Алматы әуежайына келіп түскен жүкті "Іңкәр" компаниясы сатып алған. Жалпы салмағы – 33 тонна. Жаңадан жеткізілген партияда 312 мың қаптама дексаметазон, 105 мың преднизолон, 5 мың цилитаз, 122 мың цефтирол (цефтриаксон), 10 мың зитрозет (азитромицин сиробы), 57 мың фепадол (таблеткадағы парацетамол), 50 мың аксафлокс (офлоксацин), 5 мың хумоксибид (моксифлоксацин), 10 мың осельтамивир және басқа да препараттар бар",– дейді әкімдіктен.

Қала басшылығы енді айдың соңына дейін дәрі-дәрмек тиеген тағы үш ұшақ келетінін айтады.

Әкімдік дәрі-дәрмек жетіспеушілігіне қатысты мәселе басты назарда екенін еске салады. Олар берген ақпаратқа сүйенсек, қазір қалада дәрілерді қамтамасыз ететін дәріханалар желісі 105-тен 330 дәріханаға дейін көбейген. Бұдан өзге, керек дәрі-дәрмектер ковидтен емдейтін госпитальдерге де таратылуда. Айтар болсақ, инфекциялық және провизорлық орталықтарға резервтегі қордан 13 шілдеден бастап 70 мыңнан астам қаптама жеткізіліпті, олардың ішінде дексаметазон, цефтриаксон, азитромицин, эноксапарин, офлофлоксацин, меропенем, клексан және парацетамол бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу