Алматыға заңсыз кіргісі келген үш Өзбекстан азаматы қамауға алынды

785

Шетелдіктер карантиндегі мегаполиске жұмыс іздеу үшін бет алған.

Алматыға заңсыз кіргісі келген үш Өзбекстан азаматы қамауға алынды

Алматы қаласының аумағында төтенше жағдай жарияланғаннан кейін, бақылау-өткізу бекеттерін заңсыз айналып өту жолын кесу фактілері  жалғасуда. Мәселен, жуырда Алматыға заңсыз кіргісі келген үш Өзбекстан азаматы қамауға алынды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі. 

"Жақында Алатау ауданында Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олар Бұрындай ықшамауданында орналасқан №3 посты айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді. Шетелдіктер жұмыс іздеп Алматыға бет алған. Олар карантин ережелерін білмегендерін айтады. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР ӘҚбК-нің  476-бабы төтенше жағдайды бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты  және қамауға алды", - деп хабарлады,  Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы,  полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу