ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "ННЦНИ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 31 мамырда Астана уақытымен сағат 10:13-те жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жер сілкінісінің координаталары – 43,21 75,20.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан Республикасының аумағында, Алматы қаласынан батысқа қарай 132 шақырым жерде орналасқан. Болжалды қарқындылығы - Жамбыл облысы, Қордай ауылы - 2 балл", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу