Алматыға жаңа автобустар жеткізілді

1217

Сыйымдылығы үлкен 10 автобус №12 бағыт бойынша жүретін болады.

Алматыға жаңа автобустар жеткізілді

"Алматыэлектротранс" ЖШС Zhongtong маркалы жаңа автобустардың алғашқы легін сатып алды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жақын күндері, мемлекеттік тіркеуден және дайындықтан өткен соң автобустар тестілік режимде № 12 бағыт бойынша жолға шығады. Автобус сұйытылған табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционерлермен және видеобақылаумен жабдықталған.

Көлік 104 адамға шақталған, 22 орындық және қимылы шектеулі жолаушылар үшін 3 орындық бар.

Тасымалдаушы компания ендігі кезекте әуежай мен қаланың ықшамаудандарын байланыстыратын № 92 бағыттағы көліктерді жаңартатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу