Алматыға жер сілкінісін ескертетін 25 станса қажет – Бақытжан Сағынтаев

1319

Қауіпті ескертетін заманауи жүйелер – сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді шаралардың ажырамас бөлігі.

Алматыға жер сілкінісін ескертетін 25 станса қажет – Бақытжан Сағынтаев

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жапондық сарапшымен жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйесін орнатуды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз Challenge Co, Ltd бас директоры Kазуо Сасакимен Алматыда жер сілкінісі туралы алдын-ала хабарлайтын жүйені орнату туралы мәселені талқыладық. Сасаки мырза — сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы, жобаның серіктесі болуға дайын. Ол әлемдегі неғұрлым сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылған қондырғының артықшылықтары туралы айтты", - деп жазды Алматы әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыдағы сейсмология Институты мамандарының мәліметіне сәйкес қалада 25-35 станса орнату қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу