Алматыға жыл басынан бері 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды

2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 1,5 трлн теңгеге дейін артады.

Алматыға жыл басынан бері 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегінше, 2023 жылдың 8 айында Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды. Шаһардың республика бойынша үлесі - 12,2%. 

"Пайдалану бағыттары бойынша негізгі салымдар жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияда болған, олардың үлесі 46,5%. Денсаулық сақтау – 4,1 есе, ақпарат пен байланыс – 36,3%-ға, тұру және тамақтану қызметі – 25,9%-ға өсті", - деп хабарлайды қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Алмалы, Алатау, Әуезов және Жетісу аудандары бойынша оң динамика байқалып отыр. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 1,5 трлн теңгеге дейін артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу