"Алматыгазсервис-Холдинг" басшылығы 168 млн теңге жымқырған

407

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

"Алматыгазсервис-Холдинг" басшылығы 168 млн теңге жымқырған Фото: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Табиғи газды Алматыға жеткізумен айналысатын "Алматыгазсервис-Холдинг" акционерлік қоғамында тұтынушылардың ақшасын жымқырудың ауқымды схемасы әшкереленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметі бойынша, "Алматыгазсервис-Холдинг" Акционерлік қоғамының қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Аталған акционерлік қоғам өңірге табиғи газ жеткізумен айналысады.

Тергеу материалдарына сай компания қызметкерлері есептегіш құрылғылардың көрсеткіштерін тіркеп, тұтынушылардан қолма-қол ақша жинаумен айналысқан. Жиналған қаражатты олар материалдық жауапты тұлғаларға тапсырған. Алайда аталған жауапты тұлғалар жиналған қаражатты заңды түрде өткізудің орнына өз пайдаларына жаратып, төлем туралы ақпаратты "SymphonyGAS" жүйесінде жасырып келген.

Осылайша, компанияның директоры, оның орынбасары, аға оператор және аға бақылаушыдан тұратын тұлғалар тобы 2 жыл ішінде тұтынушылар төлеген 168 млн теңгені иемденген.

Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 165 млн теңге болатын мүлкіне (тұрғын үй, пәтер және автокөлік) тыйым салынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу