Алматылық 11 мың домбырашы Қазақстанның рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек

264

17 наурызда қалалық білім басқармасы "Домбыра үні" атты ауқымды акция ұйымдастырады.    

Алматылық 11 мың домбырашы Қазақстанның рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек Фото: rsk.almaty.kz

Шарада 6-10 сынып оқушыларынан құралған 11 000 домбырашы бір мезетте күй орындап, ұлттық өнердің құдіретін паш етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасын дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және мәдени мұраны кеңінен насихаттау. Бұл бастама Қазақстанда ұлттық аспапта бір мезетте күй орындаған ең ірі музыкалық шаралардың бірі болмақ. Қаланың барлық ауданынан жиналған оқушылар бір сахнада өнер көрсетіп, қазақ халқының бай рухани мұрасына деген құрметтің айқын белгісін танытады.

Акцияға құрметті қонақтар ретінде өнер иелері Асылбек Еңсепов, Ринат Гайсин, Нұрлан Албан және Әли Оқапов қатысады. Белгілі музыканттар флешмоб қатысушыларына қолдау білдіріп, қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтайды.

Акция қорытындысы бойынша Қазақстан рекордтар кітабына ұлттық аспапта күйді бір уақытта ең көп адам орындаған мәдени оқиға ретінде енгізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу