Кәмелетке толмаған балалары жасөспірімдер тарапынан жыныстық сипаттағы іс-әрекетке ұшыраған Алматы тұрғыны мақсатты түрде арандатушылық жасалғаны туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның БАҚ-қа берген сұхбатын және көршісінің сұхбат кадрларын пайдаланып, ұлтаралық алауыздықты тудыратын ақпаратты әдейі қалыптастырған. Кей жайттар контекстен үзіп алынған, деп шағымданады екі баланың анасы.
Ирина полицияға көмек сұрап жүгінді. Ол осы мәселені ашық қарауға ниетті.
– Оқиғаға қатысқан балалардың барлығы еуропалық ұлт өкілдері. Сондықтан оған ұлтаралық сипат берудің қажеті жоқ. Мен Қазақстанда туғаннан бері тұрамын, басқа ұлттардың арасында достарым өте көп. Біз бәріміз татулықта өмір сүріп жатырмыз, – деп қорытындылады жергілікті тұрғын.