Алматы көшелерінде акробатикалық қабілетін көрсетіп, сальто жасаған жүргізуші тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл бейнежазбаны Instagram парақшасында жариялады.
"Басқа көліктің жолаушысы ретінде ол тағы да құқық бұзушылық жасады. Бұл үшін жігіт Әкімшілік кодекстің 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни "Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының жол қозғалысы талаптарын орындамауы" ережелері бойынша", – деді Рустам Әбдірахманов.
Еске сала кетсек, аталған бейнежазбадағы алматылық бұған дейін де жүріп бара жатқан көлігінен түсіп, сальто жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.