Алматылық алаяқ 4 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

1059

Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

Алматылық алаяқ 4 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

Соңғы 5 жылда алғаш рет есепшоттардағы қаражатты заңсыз жолмен қолма-қол ақша айналдыру деңгейі 38% азайды. Осындай іспен айналысатын 
19 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 

Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элимановтың айтуынша, 
жалған есепшот-фактурасын жасау арқылы мемлекетті миллиардтаған шығынға ұшыратып жүрген алаяқтарға қарсы ымырасыз күрес жалғасып жатыр. 

"Елордада Перетьятко басшылық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Олар 10 жыл бойы заңсыз операция жүргізіп келген. Еліміздің түрлі өңірлерінен 3 мыңнан астам компания оның клиенті болған. Заңсыз қызмет салдарынан келген шығын шамамен 4 млрд теңгені құрады. Оның шамамен 1,5 млрд теңгесі өтелді Ал алматылық алаяқ 4 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған", – деді Жанат Элиманов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу