Алматылық ардагерлерге көмек көрсетілді

1067

Өзін-өзі оқшаулаған қарттар азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтылды. 

Алматылық ардагерлерге көмек көрсетілді

COVID-19 пандемиясына байланысты өзін-өзі оқшаулау кезеңінде алматылық 40 ардагерге ай сайын азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілуде. Қарттарға бұл көмекті Samsung компаниясының спонсорлық қолдауымен "АЯЛА" қайырымдылық қоры ұйымдастырды.  

Осы аптада ардагерлерге көмек дәрі-дәрмек түрінде берілді. Өткен аптада қор ең қажетті деген 20 азық-түлік түрі мен тазартқыш құралдарынан тұратын  себеттерді жеткізіп берген болатын. Курьерлер ардагер тұратын үй мен пәтердің босағасына дейін қарым-қатынассыз жеткізуді жүзеге асырды.

Қор ардагерлерге 2010 жылдан бері көмектесіп келеді. Сол уақыттан бері техника, мүгедектер арбасы және қаржылай қолдау түріндегі көмекті 20 адам алды. 2015 жылы оған қордың бастамасымен шетелдік компаниясы да қосылды. Нәтижесінде жоба тағы да 67 ардагерді қамтыды. 

Барлық сұраныстар арнайы базаға енгізіледі. Кейін бүкіл қажеттілер сатып алынады және қарттар тұратын мекенжайларға жеткізіп беріледі. Үйлестірушілер көмектің уақтылы жететініне көз жеткізу үшін айына бір рет ардагерлерге барып тұрады. Сонымен қатар көмек алып отырған ардагерлердің 60%-ға жуығының тұрмысы төмен екені анықталды.

"Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында бейбіт өміріміз үшін шайқасқан азаматтарымызға лайықты күтімді қамтамасыз ету үшін алматылық 30 ардагердің үйіне жөндеу жүргізуге көмек көрсете алатын қайырымды қазақстандықтар табылады деп үміттенеміз. Біз барлық ардагерлерге өзін-өзі оқшаулау кезеңінен аман-есен өтуін, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз", – деді қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Байланысушы тұлға: Наталья Еськова, коммуникациялар жөніндегі вице-президент, тел.: +7 727 356 17 56 (ішкі 5069), ұялы тел.: + 7 701 211 0672,  natalya@ayala.kz,  www.ayala.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу