Алматылық атқыштың әйелінің үйін полицейлер қоршауға алды

303

Алматылық атқыш Игорь Дужновтың үйінен көшіру кезінде атыс қаруы табылды.

Алматылық атқыштың әйелінің үйін полицейлер қоршауға алды Фото: polisia.kz

Сот орындаушылары Игорь Дужновтың үйіне кіріп, көшіру процесін бастады, деп жазады Inbusiness.kz.

28 шілдеде полиция Игорь Дужновтың үйінің периметрін қоршауға алды. Оған ешкімді жақындатпады.

"102" пультіне жеке сот орындаушысынан Сыздықов көшесіндегі, "Ақбұлақ" шағын ауданындағы үйлердің бірінен көшіру рәсімін жүзеге асыру кезінде атыс қаруы табылғаны туралы шақыру келіп түсті", – делінген Алматы қаласының полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Алатау ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істейді.

Үйдің босатылғанына қарамастан, процесс бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу